User's Guide
Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы
бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде вирусқа қарсы бағдарлама алдын ала орнатылуы мүмкін. Компьютерді
толығымен қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны таңдауыңызға қарай пайдалануға кеңес
беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін, Бастау экранында поддержка
(қолдау) сөзін теріңіз және HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. Windows жұмыс
үстелінде, хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
сұрау белгісін басыңыз.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін
.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сәйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады
.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін,
компьютерге орнатылған HP компаниясының, Windows амалдық жүйесінің және үшінші тарап
бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты Бағдарламалар мен
драйверлерді жаңарту (40-бет) бөлімінен қараңыз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді
қауіпсіздік бұзудан және компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Бұл жаңартуларды қолмен немесе автоматты түрде орнатуға болады.
Параметрлерді көру немесе өзгерту үшін:
1. Бастау экранына панель управления (басқару тақтасы) деп жазыңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінен Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып
Панель управления (Басқару тақтасын) таңдаңыз.
2. Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) бөлімін түртіңіз, Обновления Windows
(Windows жаңартулары) тобын, Изменить параметры (Параметрлерді өзгерту) бөлімін
түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
46
8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау










