User's Guide

Сымсыз желіні қорғау
Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN
жүйесіне кірген кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе
кофеханалар және әуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз
етпейді.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және
мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан
немесе бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау
қатерінен қорғау үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. Қосымша ақпаратты
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (53-бет) бөлімінен
қараңыз.
Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану
Бөлек сатылатын қауіпсіздік кабель құлпы қорғау құралы ретінде әрекет ету үшін жасалған,
бірақ ол компьютердің қате қолданылуынан немесе ұрлануынан қорғамайды. Қауіпсіздік кабель
құлпы ұрланудан қорғауға көмектесетін күрделі қауіпсіздік шешімінің бір бөлігі ретінде
қолданылуы мүмкін бірнеше әдістердің біреуі ғана болып табылады.
Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы ақпаратты
Компьютермен танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабель құлпын қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) қауіпсіздік кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын
оны кілтпен жабыңыз.
4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Сымсыз желіні қорғау
47