User's Guide
9
Setup Utility (BIOS) утилитасын
пайдалану
Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі
қамтылған.
Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау
ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Планшеттің пернетақта тұғыры бар болса, осы тараудағы қадамдарды бастамас
бұрын планшетті пернетақта тұғырына жалғаңыз.
●
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
▲
Компьютерді қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін жылдам басып,
f10 пернесін басыңыз.
●
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез
басып ұстап тұрыңыз.
– немесе –
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Windows түймесін тез басып
ұстап тұрыңыз.
2. f10 түймесін түртіңіз.
BIOS нұсқасын жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында
SoftPaq
деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылған нұсқадан кейінірек BIOS
нұсқаларын қамтитынын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
BIOS нұсқасы ақпаратын (
ROM
күні және
BIOS
жүйесі деп те аталады) көрсету үшін, Бастау
экранында поддержка (қолдау) деп теріп, HP Support Assistant бағдарламасын, одан кейін
48
9-тарау Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану










