User's Guide
System Information (Жүйе ақпараты) параметрін таңдаңыз немесе Setup Utility (BIOS) құралын
пайдаланыңыз.
1. Setup Utility (BIOS) қолданбасын қосыңыз (Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау (48-бет)
бөлімін қараңыз).
2. Main (Негізгі) тармағын түртіңіз және сіздің BIOS нұсқасы туралы жазбаны жасаңыз.
3. Exit (Шығу) тармағын, Exit Discarding Changes (Өзгертулерді сақтамай шығу) параметрін
таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS
жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне
қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс
істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы
болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу және орнату
барысында мына нұсқауларды орындаңыз
:
●
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
●
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
●
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалық құралдардың
жаңартуларын, әсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен
хабарласыңыз.
1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын
таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
2. Updates and tune-ups (Жаңартулар мен реттеулер) пәрменінен кейін Check for HP updates
now
(НР жаңартулары бар екенін тексеру) пәрменін таңдаңыз.
3. Компьютерде орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына
қол жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
а. BIOS жаңартуының қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі екенін
анықтаңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз. Бұл
ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы
мүмкін
.
ә. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңартуы жүктеліп алатын қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз. Сіз
жаңартуды орнатуға дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранға
шығарылатын нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына
қадамдарды орындаңыз
:
BIOS нұсқасын жаңарту
49










