User's Guide
10 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі
(UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау
үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің
сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар
бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын бастау үшін
1. Setup Utility бағдарламасын бастау:
●
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
▲
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін тез басып
қалыңыз.
●
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
▲
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін
тез басып ұстап тұрыңыз.
– немесе –
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Windows түймесін тез басып
ұстап тұрыңыз.
2. f2 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды 3 орыннан төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу
туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына
жүктеу (51-бет) бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б.
BIOS
3. Диагностикалау құралы ашылғанда, пернетақтадағы көрсеткі пернелердің көмегімен
орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз немесе
түртіңіз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB
құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын жүктеу жөнінде нұсқаулар
ағылшын тілінде ғана беріледі.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
51










