User's Guide
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі опциясы бар:
1-опция: HP PC Diagnostics басты беті— соңғы UEFI нұсқасына қатынас береді
1. http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз.
2. UEFI жүктеу сілтемесін басып, Іске қосу пәрменін таңдаңыз.
2-опция: Қолдау және драйверлер беттері – алдыңғы және кейінгі нұсқалар үшін белгілі бір
өнім жүктеулерін береді.
1. http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз.
2. Меңзерді беттің жоғарғы жағында орналасқан Support (Қолдау) пәрменінің үстіне
орналасып, Download Drivers (Драйверлерді жүктеу) параметрін таңдаңыз.
3. Өнім атауын мәтін өрісіне енгізіп, Go (Өту) түймешігін басыңыз.
– немесе –
Өнімді автоматты түрде анықтау үшін, Find Now (Қазір табу) пәрменін таңдаңыз.
4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз.
5. Diagnostic (Диагностикалық) бөлімде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау
ортасы) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Download (Жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
52
10-тарау HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану










