User's Guide

11
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы
күйіне қайтару және қалпына келтіру
Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат үлгілердің көбі
үшін стандартты процедура болып есептеледі.
Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау
Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру
Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын
таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін басыңыз.
Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер жасау
Қалпына келтіру медиасын және сақтық көшірмелер жасаудың келесі әдістерді тек таңдаулы
үлгілерде ғана қолдануға болады. Жеткілікті әдісті компьютеріңіздің моделіне сәйкес таңдаңыз.
Компьютер параметрлерін орнатқаннан кейін НР қалпына келтіру медиасын жасау үшін HP
Recovery Manager құралын пайдаланыңыз. Бұл қадамда компьютерде HP Recovery
бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады. Сақтық көшірмені қатты диск бүлінген немесе
ауыстырылған жағдайларда бастапқы амалдық жүйені қайта орнату үшін қолдануға
болады
. Қалпына келтіру медиасын жасау туралы ақпаратты НР қалпына келтіру медиа
құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде) (53-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру
медиасы көмегімен қол жетімді қалпына келтіру мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (56-бет) бөлімінен қараңыз.
Windows құралдарын жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін және жеке
мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін пайдаланыңыз.
Қосымша ақпаратты Windows құралдарын пайдалану (55-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін
қалпына келтіру құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады.
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер планшеттегі тізімде қалпына келтіру медиа құралын жасау
опциясы көрсетілмесе, жүйені қалпына келтіру медиа құралын қолдау қызметінен алуға
болады. Осы компьютермен жабдықталған
Worldwide Telephone Numbers
(әлем бойынша
қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан да
қарауға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз
.
Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер жасау
53