User's Guide

HP Recovery Manager – компьютер параметрлерін сәтті орнатқаннан кейін қалпына келтіру
медиа құралын жасау жолын ұсынатын бағдарламалық құрал. HP Recovery құралын қатты диск
бүлінген жағдайда жүйені қалпына келтіру үшін қолдануға болады. Жүйені қалпына келтіру
бастапқы амалдық жүйені және зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта
орнатады, одан кейін бағдарламалардың параметрлерін реттейді. HP Recovery құралын жүйе
параметрлерін бейімдеуге немесе қатты дискіні ауыстырғанда зауыттық кескінді қалпына
келтіруге қолдануға болады
.
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Manager компьютерді тексеріп, медиа құралындағы қажет сақтау көлемін
анықтайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютерде DVD дискілерін жазу мүмкіндігі бар
оптикалық дискенгізгі болуы керек және тек жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R
DL немесе DVD+R DL дискілерін пайдалану керек. CD±RW, DVD±RW, қос қабатты DVD
±RW дискілерін немесе BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) сияқты қайта жазуға
болатын дискілерді пайдаланбаңыз; олар HP Recovery Manager бағдарламалық құралымен
үйлеспейді. Не болмаса, оның орнына жоғары сапалы бос USB флэш картасын қолдануға
болады
.
Егер компьютерде DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск
жетегі болмаса, бірақ DVD қалпына келтіру құралын жасағыңыз келсе, қалпына келтіру
дискілерін жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға
немесе қолдау қызметінен компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін алуға
болады. Осы компьютермен жабдықталған
Worldwide Telephone Numbers
(әлем бойынша
қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан
да қарауға болады
. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз. Сыртқы оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол компьютердегі USB портына
тікелей жалғануы керек. диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына
жалғауға болмайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін
тоқтатпаңыз.
Егер қажет болса, қалпына келтіру DVD дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі)
бағдарламалық құралы ағымдағы DVD дискісіне жазуды аяқтайды. HP Recovery Manager
бағдарламалық құралын келесі рет ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру
ұсынылатын болады және қалған дискілердің жасалуы жалғасады
.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Алынбалы пернетақтасы бар планшеттерді пайдалану кезінде,
пернетақтаны келесі қадамдарды бастамас бұрын пернетақта қондырмасына жалғаңыз (тек
таңдаулы үлгілерде).
1. Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп жазып, одан кейін HP Recovery
Manager
(НР Қалпына келтіру көмекшісі) пәрменін таңдаңыз.
2. Создать носитель для восстановления системы (Жүйені қалпына келтіру құралын жасау)
пәрменін таңдаңыз, сөйтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
(56-бет) бөлімінен қараңыз.
54
11-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру