User's Guide
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту
Егер компьютеріңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, компьютерді
жүктеу ретін өзгерту қажет. Бұл – компьютер жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген
құрылғылардың реті. Оптикалық дискінің немесе USB флэш-дискісінің таңдалуын өзгертуге
болады.
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Алынбалы пернетақтасы бар планшеттерді пайдалану кезінде,
пернетақтаны келесі қадамдарды бастамас бұрын пернетақта қондырмасына жалғаңыз (тек
таңдаулы үлгілерде).
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз.
2. Computer Setup утилитасын бастаңыз:
Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
▲
Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе
өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
Пернетақталар тіркелмеген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
▲
Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз
да, дыбысты азайту түймесін тез басып қалып, f9 пернесін түртіңіз.
– немесе –
Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз
да, Windows түймесін тез басып қалып, f9 пернесін түртіңіз.
3. Жүктегіңіз келетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
58
11-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру










