Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft және Windows — Microsoft компаниялары тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютерлердің таңдаулы үлгілері Intel® Atom® процессорымен және Windows® амалдық жүйесімен жабдықталады. Бұл үлгілерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, планшет қайта қосылмайды. Түпнұсқалық параметрлерді қалпына келтіру үшін, зауыттық қалпына келтіруді жүзеге асыру қажет.
vi Процессордың конфигурациялық параметрлері (тек таңдаулы үлгілерде)
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ............................................................................................................................ 1 Қосымша HP ресурстары ................................................................................................................... 1 2 Желіге қосылу ............................................................................................................................................... 3 Сымсыз желіге қосылу .............................
5 Қуат басқару ................................................................................................................................................. 15 Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу ............................................................. 15 Ұйқы күйін қолмен бастау және шығу ............................................................................ 15 Күту күйін қолмен бастау және шығу (тек таңдаулы үлгілерде) ..................................
Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру ........................................................................................ 29 Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау ............................................................................................. 29 Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ........................................................................................ 29 Қосу құрылғыларының реті туралы .................................................................................
x
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл планшет жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Планшеттің параметрлері орнатылғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз. Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Ресурстар Мазмұны Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер ● Маңызды заңдық ескертпелер, соның ішінде батареяны дұрыс тастау жолы ● Бұл планшет туралы арнаулы кепілдік ақпараты Бұл құжатты ашу үшін: 1. Бастау экранында белгішесін басып, поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін түртіңіз. 2.
2 Желіге қосылу Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшетті және сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
▲ Бастау экранында белгішесін басып, справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз. – немесе – Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін түртіңіз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. 2.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
3 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP планшетін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Планшетіңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Құлақаспаптарды қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Осы құжатты ашу үшін, Бастау экранында белгішесін басып, поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз. 3. Планшет экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, қосымша сыртқы пернетақтада (бөлек сатылады) f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: Планшет экранындағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта планшет пен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы кескінді планшет пен сыртқы құрылғыны көру.
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз, одан кейін Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін түртіңіз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Задать по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Miracast технологиясымен үйлесімді сымсыз дисплейлерді қосу (тек таңдаулы үлгілерде) Miracast технологиясымен үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Miracast ашу үшін ▲ Шебер түймелерді көрсету үшін Бастау экранының немесе Windows жұмыс үстелінің жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзеңіз және Устройства (Құрылғылар) түймесін түртіп, Проект (Жоба) пәрменін таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4 Экранда шарлау Бастау экранына жылдам оралу үшін, Windows түймесін басыңыз. Планшет экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Түрту қимылдары ● Сыртқы пернетақта және қосымша тінтуір (бөлек сатылады) ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы USB тінтуірі (бөлек сатылады) планшеттегі USB портына жалғанады. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Түрту Түрту/екі рет түрту қимылын экранда элементті таңдау немесе ашу үшін пайдаланыңыз.
Екі саусақ көмегімен масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақ көмегімен басу Екі саусақпен пайдалану қимылын нысан үшін экрандағы мәзір ашу үшін пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: істейді.
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту Саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылын іздеуге, бөлісуге, қолданбаларды іске қосуға, құрылғыларға қол жеткізуге немесе параметрлерді өзгертуге мүмкіндік беретін шебер түймелерді ашу үшін пайдаланыңыз. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды сенсорлы экранның оң жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз. Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту қимылын ашық тұрған қолданбаларды көрсетіп оларды жылдам ашу үшін пайдаланыңыз.
Саусақты үстіңгі және төменгі жиектерден жылжыту Саусақты үстіңгі жиектен немесе төменгі жиектен жылжыту қимылы бағдарламаларды теңшейтін пәрмендер мәзірін көрсетеді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, саусақты үстіңгі жиектен жылжыту қимылы бағдарламаға байланысты әртүрлі болады. ● Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі немесе төменгі жиектен жайлап жылжытыңыз.
5 Қуат басқару Бұл планшет батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер планшет батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және күту күйлері бар. ● Ұйқылық режим – Ұйқылық режим әрекетсіз тұрғаннан кейін автоматты түрде қосылады.
1. Бастау экранында белгішесін басып, параметры питания (қуат параметрлері) сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің әрекетін таңдау) сілтемесін нұқыңыз. 3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес параметрлерді өзгерту) параметрін басыңыз. 4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту) күйін таңдаңыз. 5.
Қуатты басқару параметрлеріне, планшетте ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, планшетке жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. Зауытта пломбаланған батарея Батареяның күйін бақылау үшін немесе батарея заряды тұрмайтын болса, HP Support Assistant бағдарламасының ішіндегі Battery Check (Батареяны тексеру) утилитасын іске қосыңыз. 1.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқы күйін қосыңыз немесе планшетті өшіріңіз. Айнымалы қуатпен жұмыс істеу Айнымалы ток көзіне қосылу туралы қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Жылдам бастау нұсқаулығынан қараңыз. Планшет мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/ұзарту құрылғысы арқылы айнымалы қуат көзіне жалғанған кезде, планшет батарея қуатын пайдаланбайды.
● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр. ● Планшет немесе қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен планшет арасындағы және айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз. ● Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ планшет немесе қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері істемей тұр және оны ауыстыру қажет. Айнымалы ток адаптерінің алмастырылуы туралы ақпарат алу үшін, қолдау орталығына хабарласыңыз.
6 Планшетке күтім көрсету Планшетті оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Очистка диска (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану жолы түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін түртіңіз. 2. Обновления и подстройки (Жаңартулар мен реттеулер), одан кейін Проверить наличие обновления для НР сейчас (HP жаңартуларын қазір тексеру) опциясын таңдаңыз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Планшеттің жапқышын тазалау кезінде, ластануды және қоқымдарды кетіру үшін айналма қозғалыстар жасаңыз. Планшетті сапарға алып шығу немесе тасымалдау Планшетті сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың келесі кеңестерін орындаңыз. ● Планшетті сапарға шығуға немесе жіберуге дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарын шығарыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
7 Планшет пен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: мүмкін.
Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату Құпиясөз Қызмет Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Әкімші құпиясөзі Планшет мазмұнына әкімші деңгейінде кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес. Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Құпиясөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет.
вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек. Планшетті толығымен қорғау үшін қауіпсіздік бағдарламалық құралының сынақ нұсқасын толық нұсқаға дейін жаңарту немесе таңдауыңыз бойынша бағдарламалық құралды сатып алу ұсынылады. Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
Параметрлерді көру немесе өзгерту үшін: 1. Бастау экранында белгішесін басып, панель управления (басқару тақтасы) деп жазыңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) бөлімін түртіңіз, Обновления Windows (Windows жаңартулары) тобын, Изменить параметры (Параметрлерді өзгерту) бөлімін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
8 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал планшеттің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
НР компаниясына өнімді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беру үшін, Find Now (Қазір табу) пәрменін таңдаңыз. 4. Diagnostic (Диагностикалық) бөлімінде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау ортасы) пәрменін таңдаңыз. – немесе – Download (Жүктеу) түймешігін түртіңіз, одан кейін Выполнить (Орындау) опциясын таңдаңыз.
9 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Ақпаратты қорғау мақсатында, жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін, бүкіл қатты дисктің сақтық көшірмесін жасау немесе жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау және бастапқы қалпына келтіру құралдарын пайдаланыңыз. Жүйе жұмыс істемей қалғанда, планшеттің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына келтіруге болады. 1.
көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады. ЕСКЕРТПЕ: Планшетіңізді жүктей алмасаңыз, қолдау қызметімен хабарласыңыз. Қосу құрылғыларының реті туралы Қосу ретін өзгертіп, сыртқы құрылғы арқылы қосу мүмкіндігін қолданыңыз: ЕСКЕРТПЕ: Оны орындау үшін сыртқы флэш драйв қажет. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Планшетті өшіріңіз. 3. Сыртық флэш драйвты жалғаңыз. 4.
10 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз планшетті халықаралық сапарға алып шығуды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Планшет айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Планшет бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
11 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 7, 9, 10 айнымалы ток адаптері, тексеру 18 айнымалы ток адаптерін тексеру 18 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 20 бағдарламалық құрал Дискіні тазалау 20 бағдарламалық құралдың және мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау 26 бағдарламалық құрал жаңартулары, орнату 25 батарея ақпаратты табу 17 зарядсыздану 17 зауытта пломбаланған 17 қуатты үнемдеу 17 батарея ақпараты, табу 17 батарея қуаты 16 бейне 7 бір саусақты сырғыту – сенсорлы экран қимылы 14 В веб
сымсыз байланыс шамы 3 сымсыз басқару элементтері Wireless Assistant бағдарламалық құралы 3 амалдық жүйе 3 түймешігі 3 сымсыз желі, қорғау 26 сымсыз желі (WLAN) корпоративтік WLAN қосылымы 4 қоғамдық WLAN қосылымы 4 қосылу 4 сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 18 сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 18 Т тұтынылатын қуат 31 Ұ Ұйқылық күй қосу 15 шығу 15 ұйқылық режимді немесе күту күйін қосу 15 Ұйқылық режим және күту күйі қосу 15 Ү үндеткіштер қосылу 6 І іс-қимылдар пайдалану 11 Э электростатикал