User's Guide
2
Желіге қосылу
Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшетті және сымсыз не сымды
желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-
тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен
байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Планшет келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
WLAN құрылғысы планшетті корпоративті офистер, үй және әуежайлар, мейрамханалар,
кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық орындарда (әдетте, Wi-Fi
желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге қосады.
WLAN желісінде палншеттегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен
немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады
.
●
Bluetooth құрылғысы– компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
және камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа құрылғыларға қосылу үшін жеке
аймақ желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей
байланысады және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, әдетте бір-бірінен 10 метр
(шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз технология, Интернет және желіге қосылу туралы қосымша мәлімет алу үшін,
«Анықтама және қолдау» бөліміндегі ақпаратты және веб-торап сілтемелерін қараңыз.
▲
Бастау экранында белгішесін басып, справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін
Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін түртіңіз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Планшеттегі сымсыз құрылғыларды амалдық жүйенің басқару элементтері арқылы басқаруға
болады:
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1.
Бастау экранында белгішесін басып, панель управления (басқару тақтасы)
сөздерін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр управления сетями и
общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) бөлімін қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу
3










