User's Guide

Бастау экранында белгішесін басып, справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін
Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін түртіңіз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
2. Шебер түймелерді көрсету үшін Бастау экранының немесе Windows жұмыс үстелінің оң
жақ жиегінен саусағыңызды сырғытыңыз
.
3. Настройки (Параметрлер) белгішесін басып, желі күйі белгішесін басыңыз.
4. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.
5. Подключение (Қосылу) түймешігін түртіңіз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады. Қосылуды аяқтау үшін, кодты теріп, Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе
кіру нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылатын WLAN желісі көрсетілмесе, Windows жұмыс үстелінде желі
күйінің белгішесін түртіңіз де, ұстап тұрыңыз, Открыть центр управления сетями и
общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пәрменін
таңдаңыз. Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні
орнату
) пәрменін түртіңіз. Желіні қолмен іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі
байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.
6. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылысты аяқтаңыз.
Қосылыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, көрсеткішті тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін түртіңіз.
4
2-тарау Желіге қосылу