User's Guide

3
Көңіл көтеру мүмкіндіктерін
пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және
көру амалдарын орындау үшін HP планшетін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз.
Планшетіңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор,
теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы
құрылғыларды жалғаңыз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Планшеттің кірістірілген веб-камерасы бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен онлайн чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
Веб-камераны пайдалану үшін, Бастау экранында белгішесін басып, камера сөзін
жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Камера тармағын таңдаңыз.
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама және
қолдау) бөліміне өтіңіз.
Бастау экранында белгішесін басып, справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін
Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін түртіңіз.
Дыбысты пайдалану
Планшетіңізде немесе сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын кейбір үлгілерде музыка ықшам
дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде
радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты
сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз
.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді планшеттегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына немесе аудио
шығыс (құлақаспап) ұясына жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді планшетке қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Планшетке ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін, HDMI арқылы дыбысты реттеу
үшін (8-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын
төмендетіңіз.
6
3-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану