User's Guide

Құлақаспаптарды қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік
туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Осы құжатты ашу үшін, Бастау экранында белгішесін басып,
поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяшыққа немесе планшеттегі аудио шығыс
(құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) комбо ұясына қосуға болады.
Планшетке сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
орындаңыз.
Гарнитураны қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Есту қабілетін зақымдамау үшін, қатты дыбыста ұзақ уақыт бойы
тыңдамаңыз.
Микрофонмен біріктірілген құлақаспаптар гарнитура деп аталады. Сымды гарнитураны
планшеттегі аудио шығыс (құлақаспап) ұясына/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады.
Планшетке сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл планшет таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін
қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында планшетті сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін
, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы планшеттегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Бейне дерек мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпаратты алу үшін Анықтама және қолдау
бөлімін қараңыз.
Бейне құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу (тек таңдаулы
үлгілерде)
ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын планшетке жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет
болады.
Планшет экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не монитордан көру
үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз.
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
Бейнені пайдалану
7