User's Guide
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға
жалғаңыз.
3. Планшет экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, қосымша
сыртқы пернетақтада (бөлек сатылады) f4 пернесін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: Планшет экранындағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта планшет пен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді планшет пен сыртқы құрылғыны көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранында
белгішесін басып, панель управления (басқару тақтасы) сөздерін теріп, одан кейін
Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. Оформление и
персонализация (Безендіру және даралау) пәрменін таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка
разрешения экрана
(Экран ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз
бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын планшетке жалғағаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз,
одан кейін Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Задать по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбыстық ағынды планшет үндеткіштеріне беру үшін
8
3-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану










