User's Guide

1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз,
одан кейін Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін түртіңіз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Задать по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Сандық дисплей құрылғыларын DisplayPort кабелі арқылы қосу (тек
таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТПЕ: Сандық дисплей құрылғысын планшетке жалғау үшін бөлек сатылатын DisplayPort
(DP-DP) кабелі қажет болады.
DisplayPort арқылы жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді қосымша сандық дисплей
құрылғылары қосылады
. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі
жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын планшеттегі DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Планшет экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, қосымша
сыртқы пернетақтада
(бөлек сатылады) f4 пернесін басыңыз:
ДК экраны ғана: Планшет экранындағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы бірдей кескінді бір уақытта планшет пен сыртқы құрылғының екеуінен
де көру.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді планшет пен сыртқы құрылғыны көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранында
белгішесін түртіп, панель управления (басқару тақтасы) сөздерін теріп, одан кейін
Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. Оформление и
персонализация (Безендіру және даралау) пәрменін таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка
разрешения экрана
(Экран ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
9