User's Guide

4
Экранда шарлау
Бастау экранына жылдам оралу үшін, Windows түймесін басыңыз.
Планшет экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады:
Түрту қимылдары
Сыртқы пернетақта және қосымша тінтуір (бөлек сатылады)
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы USB тінтуірі (бөлек сатылады) планшеттегі USB портына жалғанады.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Түрту
Түрту/екі рет түрту қимылын экранда элементті таңдау немесе ашу үшін пайдаланыңыз.
Экрандағы бір элементке меңзерді апарып, оны таңдау үшін бір саусақпен сенсорлы
экранды түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
Екі саусақпен жылжу
Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға
жылжу үшін пайдаланыңыз.
Екі саусақты сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол
немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
11