User's Guide
●
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
●
Планшет немесе қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен планшет
арасындағы және айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы қосылысты
тексеріңіз.
●
Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ планшет немесе қуат шамдары сонда да өшіп
тұрса, айнымалы ток адаптері істемей тұр және оны ауыстыру қажет.
Айнымалы ток адаптерінің алмастырылуы туралы ақпарат алу үшін, қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Планшетті өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Планшет өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Планшетті өшірмес
бұрын міндетті түрде жұмысыңызды сақтаңыз.
Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және
дисплей мен планшетті де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде планшетті өшіріңіз:
●
Планшет ішіндегі компоненттерге кіру қажет болғанда (тек таңдаулы үлгілерде).
●
Планшет ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде.
Планшетті қуат түймесі арқылы да өшіруге болады, бірақ Windows жүйесінің Өшіру пәрменін
қолдану ұсынылады
.
ЕСКЕРТПЕ: Планшет ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып
қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды Бастау экранының немесе Windows жұмыс
үстелінің оң жақ жиегінен сырғытыңыз
.
3. Настройки (Параметрлер) пәрменін таңдап, Питание (Қуат) белгішесін түртіңіз, одан кейін
Выключение (Өшіру) пәрменін таңдаңыз.
Планшет жауап бермесе және жұмысты аяқтау алдындағы қадамдарды пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай қадамдарын көрсетілген ретімен орындап көріңіз:
●
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Планшетті сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
●
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареясы бар компьютерден батареяны
шығарыңыз.
Планшетті өшіру (сөндіру)
19










