User's Guide
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін түртіңіз.
2. Обновления и подстройки (Жаңартулар мен реттеулер), одан кейін Проверить наличие
обновления для НР сейчас (HP жаңартуларын қазір тексеру) опциясын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Планшетті тазалау
Планшетті қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
●
Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар
шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде).
●
Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық
●
Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді
●
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ
антистатикалық шүберек
)
●
Антистатикалық шүберек майлықтар
ЕСКЕРТУ: Планшетті бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді
пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың планшет үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт,
ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім
құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар планшетті сызаттауы мүмкін. Уақыт өткенде, кір
және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рәсімдері
Планшетті қауіпсіз тазалау үшін осы бөлімде берілген нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуынан сақтану немесе жабдықты зақымдамау үшін, токқа қосулы
планшетті тазаламаңыз.
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
3. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды планшет
беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына әкелуі
мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз әйнек тазалау құралына малынған шүберекпен
жайлап сүртіңіз. Планшетті жабу алдында, оның дисплейін құрғатып алу керек.
Компьютердің жақтары не қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары немесе қақпағын тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың
біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны
, күдеріні немесе бір рет қолданылатын
антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
Планшетті тазалау
21










