User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Планшеттің жапқышын тазалау кезінде, ластануды және қоқымдарды кетіру үшін
айналма қозғалыстар жасаңыз.
Планшетті сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Планшетті сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың
келесі кеңестерін орындаңыз.
●
Планшетті сапарға шығуға немесе жіберуге дайындау:
◦
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
◦
Жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарын шығарыңыз.
◦
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Планшеттің жұмысын аяқтаңыз.
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
планшеттен бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен жол жүргенде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік
өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы
конвейерлік жолдар және соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына
рентген сәулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
●
Ұшу кезінде планшетті қолдануды жоспарласаңыз, планшетті пайдаланатын уақытты ұшу
алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Әуе сапары кезінде планшетті қолдануға
рұқсат беру әуе компаниясының құзырында.
●
Планшетті пошта арқылы жібергенде, қорғаныш орау материалдарын пайдаланып, орамын
FRAGILE (осал зат) жапсырмасымен белгілеңіз.
●
Кейбір орталарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін. Ұшақтарда,
ауруханаларда, жарылғыш заттардың жанында және қауіпті орталарда осындай шектеулер
болуы мүмкін. Егер планшеттегі сымсыз құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты
білмесеңіз, планшетті іске қосудан бұрын рұқсат сұраңыз.
●
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
◦
Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың планшетке қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз.
◦
Планшетті қолданылатын әр жердегі қуат сымы мен адаптеріне қойылатын
талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері әртүрлі болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты
қауіпті азайту үшін, планшетті жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы
арқылы қоспаңыз.
22
6-тарау Планшетке күтім көрсету










