User's Guide

7
Планшет пен ақпаратты қорғау
Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін
өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS)
құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты
қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және
зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл тарауда сипатталған кейбір функциялар планшетіңізде болмауы
мүмкін.
Құпиясөздерді пайдалану
Құпия сөз – планшет ақпаратын қорғау және қауіпсіз түрде онлайн әрекеттер орындау үшін
таңдалатын таңбалардың тобы. Бірнеше құпия сөз түрін орнатуға болады. Мысалы, планшетті
бірінші рет орнатқанда, оны қорғауға пайдаланушы құпия сөзін орнату сұралады. Құпия сөздер
Windows жүйесінің немесе планшетте алдын ала орнатылған НР Setup Utility (BIOS)
утилитасында орнатылады.
Setup Utility (BIOS) мүмкіндігінде де, Windows қауіпсіздік мүмкіндігінде де бір құпия сөзді
пайдалануға болады.
Құпия сөздерді жасау және сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз:
Планшетке кіруді құлыптау қатерін азайту үшін әр құпия сөзді жазып алып, планшеттен
басқа қауіпсіз жерде сақтаңыз. Құпия сөздерді планшеттегі файлда сақтамаңыз.
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Құпия сөздерді кем дегенде 3 ай сайын өзгерткен жөн.
Әріптер, тыныс белгілері, таңбалар және сандары бар ұзын құпиясөз мінсіз болып
табылады.
Планшетті қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдарды және құпия
сөз параметрлерін жойыңыз.
Экран сақтағышы құпия сөзі сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу
үшін
, келесі әрекеттерді орындаңыз:
Бастау экранында белгішесін басып, поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support
Assistant қолданбасын таңдаңыз.
-немесе-
Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы сұрақ белгісін түртіңіз.
Құпиясөздерді пайдалану
23