User's Guide

Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату
Құпиясөз Қызмет
Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді
қорғайды.
Әкімші құпиясөзі Планшет мазмұнына әкімші деңгейінде кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS)
мазмұнына кіру мүмкін емес.
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату
Құпиясөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі
Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын
енгізу қажет.
Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup
Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды.
Қосылғанда сұралатын құпия сөз
Оны планшетті қосқан не қайта бастаған сайын
енгізу қажет.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып
қалсаңыз, планшетті қосу немесе қайта қосу мүмкін
болмайды.
Әкімші құпия сөзін немесе қосылғанда сұралатын құпия сөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату,
өзгерту немесе жою:
ЕСКЕРТПЕ: Егер алынбалы пернетақтасы немесе пернетақта догы бар планшетті
пайдалансаңыз, оны келесі қадамдарды бастамас бұрын тіркеңіз.
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Тише (Дыбысты азайту) түймешігін ұстап тұрыңыз.
3. Планшетті қосу үшін Тише (Дыбысты азайту) түймешігін басып тұрғанда, қуат түймесін
басыңыз
.
Бастау мәзірі көрсетіледі.
4. Безопасность (Қауіпсіздік) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Өзгертулер планшет қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
бағдарламалық құралын пайдалану
Планшетті электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған
кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар және басқа да онлайн қауіп-қатерлер
планшетіңізге түсуі мүмкін
. Планшетіңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі және
желіаралық қалқаны бар Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының
сынақ нұсқасы компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін. Жаңа пайда болған
вирустардан және басқа қауіпсіздік қатерлерінен уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін
24
7-тарау Планшет пен ақпаратты қорғау