User's Guide

вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек. Планшетті толығымен қорғау үшін
қауіпсіздік бағдарламалық құралының сынақ нұсқасын толық нұсқаға дейін жаңарту немесе
таңдауыңыз бойынша бағдарламалық құралды сатып алу ұсынылады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп,
олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал
вирустардың көбін тауып жоя алады
, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын
шешеді.
Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы
бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Планшетіңізде вирусқа қарсы бағдарлама алдын ала орнатылуы мүмкін. Планшетті толығымен
қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны таңдауыңызға қарай пайдалануға кеңес беріледі.
Планшет вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін, Бастау экранында белгішесін
басып, поддержка (қолдау) сөзін теріңіз және HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Windows жұмыс үстелінде, хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан сұрау белгісін басыңыз.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан планшетке және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе
аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған планшетті қорғайтын
бағдарламалық құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сәйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, планшетке
орнатылған HP компаниясының, Windows амалдық жүйесінің және үшінші тарап бағдарламалық
құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты Бағдарламалар мен драйверлерді
жаңарту (20-бет) бөлімінен қараңыз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Планшетті
қауіпсіздік бұзудан және компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Бұл жаңартуларды қолмен немесе автоматты түрде орнатуға болады.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
25