User's Guide

8 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі
(UEFI). Бұл құрал планшеттің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін
диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында
жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері
туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын бастау үшін
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Тише (Дыбысты азайту) түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
3. Планшетті қосу үшін Тише (Дыбысты азайту) түймешігін басып тұрғанда, қуат түймесін
басыңыз.
Бастау мәзірі көрсетіледі.
4. Экранның төменгі жағындағы f2 түймесін басыңыз.
5. Диагностикалау құралы ашылғанда, орындалатын диагностикалық сынақтың түрін
таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB
құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын жүктеу жөнінде нұсқаулар
ағылшын тілінде ғана беріледі.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі опциясы бар:
1-опция: HP PC Diagnostics басты беті— соңғы UEFI нұсқасына қатынас береді
1. http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз.
2. UEFI Download (Жүктеп алу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз.
2-опция: Қолдау және драйверлер беттері – алдыңғы және кейінгі нұсқалар үшін белгілі бір
өнім жүктеулерін береді.
1. http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз.
2. Беттің жоғарғы жағында орналасқан Support (Қолдау) пәрменін түртіп, Download Drivers
(Драйверлерді жүктеу) параметрін таңдаңыз.
3. Өнім атауын мәтін өрісіне енгізіп, Go (Өту) түймешігін түртіңіз.
– немесе –
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
27