User's Guide

9
Сақтық көшірме жасау және қалпына
келтіру
Ақпаратты қорғау мақсатында, жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін, бүкіл қатты
дисктің сақтық көшірмесін жасау немесе жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін жасау
үшін Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау және бастапқы қалпына келтіру құралдарын
пайдаланыңыз. Жүйе жұмыс істемей қалғанда, планшеттің мазмұнын сақтық көшірме
файлдарымен қалпына келтіруге болады.
1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сипап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу)
түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз.
2. Іздеу жолағына восстановить (қалпына келтіру) сөзін жазып, көрсетілген опциялар
тізімінен таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау және қпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат
алу үшін Windows жүйесіндегі анықтама және қолдау бөлімін қараңыз.
Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып шығаруды және
кейін пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі планшеттің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске
қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден
рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін «Справка и поддержка»
(
Анықтама және қолдау) тармағын қараңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру және жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нәтиже береді. Бағдарламалық құралды бірінші рет орнатқаннан кейін жүйені қалпына
келтіру дискілерін және бастапқы сақтық көшірмені бірден жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама
және деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз
ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын жалғастыру қажет.
Windows сақтық көшірме жасау мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты және нұсқауларды
«Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) бағдарламасынан қараңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
ЕСКЕРТПЕ: Егер F11 басталғанда қалпына келтіру мүмкіндігін немесе қалпына келтіру
медиасын жүйені қалпына келтіру үшін қолдансаңыз, қалпына келтіру процесін бастамас бұрын
планшет батареясының заряды кем дегенде 70% асуы тиіс.
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, планшет файлдарыңызды қалпына келтіру үшін
төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау және
қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты
қалпына келтіруге болады
. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
29