Help Guide - Windows 8.1
а Компьютерді сапарға алып шығу
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі
мына кеңестерді орындаңыз:
●
Компьютерді тасымалдауға дайындау:
◦
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз.
◦
Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды
шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютерге, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін
азайту үшін, оны диск орнынан шығарып алмас бұрын және дискімен тасымалдау,
сақтау немесе сапарға шығу алдында медианы диск жетегінен алып тастаңыз.
◦
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Компьютерді сөндіріңіз.
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
компьютерден бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен ұшқанда, компьютерді қол жүгі ретінде ұстаңыз және оны басқа жүктеріңізбен
бірге тіркемеңіз.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
Қол жүгін тексеретін әуежай конвейер таспалары және осыған ұқсас қауіпсіздік
құрылғылары магнетизм орнына рентген сәулелерін қолданады және ол дискіге зақым
келтірмейді.
●
Јуе сапары кезінде компьютерді қолдануға рұқсат беру әуе компаниясының құқығында.
Егер ұшу кезінде компьютер қолданғыңыз келсе, алдын ала әуе компаниясынан рұқсат
алыңыз.
●
Егер компьютер қолданылмайтын болса және сыртқы қуатқа 2аптадан артық қосылмайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
●
Компьютерді немесе дискіні тасымалдағанда, сәйкес қорғаныш орамы мен «СЫНҒЫШ»
деген жапсырманы қолданыңыз.
●
Компьютерде сымсыз байланыс құрылғысы орнатылса, бұл құрылғыларды пайдалануға
кейбір орталарда тыйым салынуы мүмкін. Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш
заттардың жанында және қауіпті орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі
98
а қосымшасы Компьютерді сапарға алып шығу










