Help Guide - Windows 8.1

Бөлік Сипаттама
(3)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар,
гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады.
Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын
қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын
қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск
(Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP
Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(құлақаспап) және аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сәйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(4)
USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы
жалғанады.
ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (52-бет)
бөлімінен қараңыз.
(5)
Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті
оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады.
ЕСКЕРТПЕ: Дискі үйлесімділігі туралы ақпаратты
Көмек және Қолдау веб-парақтарынан қараңыз
( Ақпаратты табу (2-бет)тарауын қараңыз). Компьютер
үлгісін таңдау үшін веб-тораптағы нұсқауларды
орындаңыз. Поддержка и драйверы (Қолдау және
драйверлер) пәрменін, одан кейін Информация о
продукте (Өнім туралы ақпарат) пәрменін таңдаңыз.
(6)
Оптикалық дискіні шығару түймешігі (тек
таңдаулы үлгілерде)
Оптикалық диск салғышты шығарады.
(7)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан
қорғай алмауы мүмкін.
Оң жағы
5