Help Guide - Windows 8.1
Пернетақтаны пайдалану
Пернетақта және тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге және бірдей
функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы
функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows
жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі қайта
басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану
Windows жүйесі әрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдерін қамтамасыз етеді.
Арнайы әрекетті орындау үшін, Windows пернесінің өзін немесе арнайы пернемен бірге
басыңыз.
Жылдам пернелерді анықтау
Пернелер тіркесімі – fn пернесі (2) мен esc пернесінің (1) тіркесімі.
fn+esc пернелер тіркесімі жүйе ақпаратын көрсетеді.
Әрекет пернелерін пайдалану
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. f1 мен f4 және f6 мен f12
пернелеріндегі әр белгіше сол пернеге тағайындалған функцияларды сипаттайды.
Әрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
Пернетақтаны пайдалану
29










