Help Guide - Windows 8.1
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге
болады:
●
Дыбыс деңгейі түймешіктері
●
Дыбыс деңгейін реттеу әрекет пернелері
●
Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support
Assistant
(HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе және кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдары туралы ақпаратты
Компьютермен танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
Құлақаспаптарды және микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды және гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)
ұясына/аудио кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар
сатылады.
Компьютерге желісіз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік
туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау)
сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Жазу кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп,
дыбыс жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
3. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз. Программные
события
(Бағдарламалық оқиғалар) параметрі астынан дыбыс сигналы немесе ескерту
34
5-тарау Мультимедиа










