Help Guide - Windows 8.1

Батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны
шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтап, компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп
тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін батареяны босату ысырмасын (1) сырғытып, одан кейін
батареяның құлпын (2) ішке қарай сырғытыңыз.
3. Батареяны компьютерден (3) шығарып алыңыз.
Батарея қуатын үнемдеу
Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Настройки (Параметрлер) және Параметры
питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз.
Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз.
Сымсыз және LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем
бағдарламаларынан шығыңыз.
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Экран жарықтығын азайтыңыз.
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын және сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Қуат параметрлерін орнату
47