Help Guide - Windows 8.1

7
Сыртқы карталар мен құрылғылар
Жад карталарын оқу құралын пайдалану
Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау және қолайлы ортақ пайдалану
мүмкіндігін береді. Бұл карталар әдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта
компьютерлерінде және басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен
танысу (4-бет) бөлімін қараңыз.
Сандық картаны салу
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін оны салған кезде, қатты
күшпен итермеңіз.
1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал қосқышын компьютерге қаратыңыз.
2. Сандық медиа ұясына картаны салып, оны нық орналасқанша басыңыз.
Құрылғы анықталғанда дыбыс естіледі және параметрлер мәзірі көрінуі мүмкін.
Сандық картаны шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Жад карталарын оқу құралын пайдалану
51