Help Guide - Windows 8.1

1. Ақпаратты сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды
шығарып алу белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Картаны (1) ішке қарай басып, ұясынан (2) шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Әмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш,
сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал
интерфейсі.
Кейбір USB құрылғылары әдетте құрылғымен бірге жабдықталған қосымша қолдау
бағдарламалық құралын талап етуі мүмкін. Нақты бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпарат алу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Бұл нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге,
диск түрінде немесе өндірушінің веб-торабында берілуі мүмкін.
Компьютерде кем дегенде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрылғыларын қолдайтын 1 USB порты
бар
. Сондай-ақ компьютеріңізде механикаландырылған USB кабелімен қолданылатын болса,
сыртқы құрылғыға қуат беретін механикаландырылған USB порты болуы мүмкін. Қосымша
қондыру құрылғысы немесе USB хабы компьютермен пайдалануға болатын қосымша USB
порттарын қамтамасыз етеді.
52
7-тарау Сыртқы карталар мен құрылғылар