Help Guide - Windows 8.1
8
Дискілер
Дискілерді ұстау
ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің әлсіз бөліктері және оларды абайлап ұстау қажет. Диск
жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар
қолданылатын үрдістерде қамтылған.
Мына ескертулерді қарап шығыңыз:
●
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып,
экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
●
Қатты дискіні ұстағанда, жерге тұйықталған беткейге қолыңызды тигізіп, жиналған
статикалық токтан құтылып алыңыз.
●
Алынбалы дискідегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерге қолыңызды тигізбеңіз.
●
Дискіні абайлап ұстаңыз, оны құлатуға немесе оның үстіне заттар қоюға болмайды.
●
Дискіні алмастан немесе салмастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Егер компьютердің
өшірулі екендігіне сенімсіз болсаңыз, күту режимінде немесе ұйықтау режимінде
компьютерді қосыңыз, одан кейін амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
●
Дискіні арнайы саңылауға салғанда шамадан тыс күшпен итермеңіз.
●
Оптикалық жинақтағыш диск жетегі дискіге жазып жатқанда компьютердің пернетақтасын
басуға немесе компьютерді жылжытуға болмайды. Жазу үрдісі тербелістерге сезімтал
болады
.
●
Дискінің өте жоғары немесе өте төмен температура мен ылғалдылықта қолданылмауын
қадағалаңыз.
●
Дискіге сұйықтықтар тимеуін қадағалаңыз. Дискіге тазалау құралдарын сеппеңіз.
●
Дискіні диск салынатын жерден шығарып алмастан бұрын немесе бірге алып жүрер,
поштамен бір жаққа жіберер немесе сақтап қояр алдында оның ішіндегі медиа құралын
алып тастаңыз.
●
Дискіні поштамен жіберу керек болса, оны қабыршықты мөлдір қалтаға немесе басқа
сынудан қорғайтын орауышқа салып
, сыртына «СЫНҒЫШ» деген жапсырма жабыстырыңыз.
●
Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар қауіпсіздік
құрылғылары әуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады. Қол жүгін
тексеретін әуежай конвейер таспалары және осыған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары
магнетизм орнына рентген сәулелерін қолданады және ол дискіге зақым келтірмейді.
Дискілерді ұстау
55










