Help Guide - Windows 8.1
9
Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және
Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен
деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған.
Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдардың
сақтық көшірмелерін жасап, файлдарды және құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Нұсқаулықтың ішінде сипатталған кейбір функциялар компьютеріңізде болмауы
мүмкін.
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі
Computer Setup (f10) утилитасына рұқсатсыз кіру Computer Setup құралындағы әкімші құпия сөзі*
Қосымша сыртқы оптикалық дискіден рұқсатсыз бастау
(таңдаулы үлгілерде ғана), оптикалық сыртқы қатты диск
(таңдаулы үлгілерде ғана), немесе ішкі желі адаптері
Computer Setup құралындағы жүктеу параметрлері
мүмкіндігі*
Windows пайдаланушы жазбасын рұқсатсыз пайдалану Windows пайдаланушы құпия сөзі
Деректерге рұқсатсыз кіру Windows пайдаланушы құпия сөзі
Computer Setup параметрлеріне және басқа жүйені
анықтау ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup құралындағы әкімші құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік
кабелімен бірге қолданылады)
*Computer Setup дегеніміз алдын ала орнатылған, ROM жадына негізделген утилита,ол амалдық жүйе жұмыс істемей
тұрғанда немесе жүктелмегенде де қолданылады. Computer Setup утилитасында жылжу және таңдауды жасау үшін,
(сенсорлы тақта, меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия
сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен
басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
Компьютерді қорғау
65










