Help Guide - Windows 8.1

Әкімші құпия сөздері Computer Setup утилитасында орнатылады. Ол жүйенің BIOS
бағдарламасы арқылы басқарылады.
Windows құпия сөздері Windows амалдық жүйесінде ғана орнатылады.
Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының мүмкіндігі үшін және Windows қауіпсіздік
мүмкіндігі үшін пайдалануға болады
. Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының бірнеше
мүмкіндігі үшін пайдалануға болады.
Құпия сөздерді жасау және сақтау үшін төмендегі кеңестерді ісіңізде сақтаңыз:
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз және Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз.
Келесі кестелерде әдетте қолданылатын Windows және Computer Setup құпия сөздерінің тізімі
беріледі және олардың функциялары сипатталады.
Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі* Windows әкімші есептік жазбасына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows әкімшісінің құпия сөзін орнату
арқылы Computer Setup құралындағы әкімші құпия сөзі
орнатылмайды.
Пайдаланушы құпия сөзі* Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді
қорғайды.
*Windows әкімші құпия сөзі немесе Бастау экранында Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы
ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бөлімін қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына
қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Әкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия
сөзді жоюға болмауы мүмкін.
*Осы құпия сөздер туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
Computer Setup құралындағы әкімші құпия сөзін басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
66
9-тарау Қауіпсіздік