Help Guide - Windows 8.1

Жаңа әкімші құпия сөзін орнату
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Security (Қауіпсіздік)> Administrator Password (Әкімші құпия сөзі) тармағын таңдау үшін
көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Тиісті нұсқау берілгенде, құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
5. Сұралғанда жаңа құпия сөзді қайта жазып растаңыз және enter пернесін басыңыз.
6. Нұсқауды оқып шығыңыз да, жалғастыру пәрменін таңдаңыз.
7. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, f10 пернесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Exit (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгертулерді сақтап
шығу) параметрін таңдап, enter пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Әкімші құпия сөзін өзгерту
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Security (Қауіпсіздік)> Administrator Password (Әкімші құпия сөзі) тармағын таңдау үшін
көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Сұралғанда, қазіргі пайдаланушы құпия сөзін жазып, enter пернесін басыңыз.
5. Жаңа құпия сөз енгізу сұралғанда, жаңа құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
6. Жаңа құпия сөзіңізді енгізу сұралғанда, жаңа құпия сөзді теріп, enter пернесін қайта
басыңыз.
7. Нұсқауды оқып шығыңыз да, жалғастыру пәрменін таңдаңыз.
8. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, f10 пернесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Exit (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгертулерді сақтап
шығу) параметрін таңдап, enter пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Құпия сөздерді пайдалану
67