Help Guide - Windows 8.1

Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана
таңдаулы үлгілерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзді
орнатып
, содан соң HP SimplePass бағдарламалық құралын пайдаланып бір не бірнеше саусақ
ізін тіркеңіз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір
сенсор:
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
Пернетақтаның оң жағында
Дисплейдің үстіңгі оң жағында
Дисплейдің сол жағында
Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан
орналасуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен
тигізуіңізді талап етеді. Компьютердегі оқығыштың орнын табу үшін Компьютермен танысу
(4-бет) бөлімін қараңыз.
HP SimplePass бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану
HP SimplePass бағдарламалық құралы компьютерді қауіпсіздендіру және компьютер мен құпия
сөзбен қорғалған веб-тораптарға оңай кіруге көмектесетін ыңғайлы интерфейс ұсынады.
Тіркелген саусақ ізін келесі амалдар үшін пайдаланыңыз:
Windows жүйесіне кіру;
веб-тораптарды және жүйеге кіруді қажет ететін басқа бағдарламаларды ашу;
пайдаланушы аты мен құпия сөзді талап ететін кез келген бағдарлама үшін жазба
мәліметтерін жасауға мүмкіндік беретін «Single Sign On» (Бір реті кіру) қызметін орнату;
компьютерде бірнеше пайдаланушы үшін қорғалған есептік жазбалар орнату;
Қосымша ақпаратты HP SimplePass бағдарламалық құралының Help (Анықтамасынан) қараңыз.
Саусақ іздерін тіркеу
HP SimplePass бағдарламалық құралымен бір немесе бірнеше саусақ ізін тіркеу үшін, мына
қадамдарды орындаңыз:
1. HP SimplePass бағдарламасын ашу үшін, саусақ ізі сенсорында бір саусақпен жүргізіп
өтіңіз.
– немесе –
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы үлгілерде)
73