Help Guide - Windows 8.1

10
Күтім
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы
ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін қосу немесе ауыстыру алдында, BIOS нұсқасының компьютерге
жақын арада орнатылғанын тексеріңіз және қажет болса BIOS бағдарламасын жаңартыңыз.
BIOS нұсқасын жаңарту (89-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютердегі BIOS бағдарламасы
жаңартылмаған болса, амалдық жүйенің түрлі мәселелері орын алуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы бойыңызда
тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Мәліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып
, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны шығарып алу (47-бет) бөлімін қараңыз).
4. Жад орналасқан қызмет көрсету үшін ашатын қақпақты алыңыз.
а. Батарея ұясын өзіңізден қаратып, бұранданы (1) алыңыз.
ә. Жад орналасқан қызмет көрсету үшін ашатын қақпақты (2) жоғары қарай еңкейтіңіз.
б. Жад орналасқан қызмет көрсету үшін ашатын қақпақты (3) көтеріп алыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
75