Help Guide - Windows 8.1

Егер компьютерде DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск
жетегі болмаса, бірақ DVD қалпына келтіру құралын жасағыңыз келсе, қалпына келтіру
дискілерін жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға
немесе қолдау қызметінен компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін алуға
болады. Осы компьютермен жабдықталған
Worldwide Telephone Numbers
(әлем бойынша
қызмет көрсету телефондары
) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан
да қарауға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз. Сыртқы оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол компьютердегі USB портына
тікелей жалғануы керек. диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына
жалғауға болмайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
Дискілерді жасау процесі бір сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Дискілерді
жасау процесін тоқтатпаңыз.
Егер қажет болса, қалпына келтіру DVD дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі)
бағдарламалық құралы ағымдағы DVD дискісіне жазуды аяқтайды. HP Recovery Manager
бағдарламалық құралын келесі рет ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру
ұсынылатын болады және қалған дискілердің жасалуы жалғасады.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Планшет пайдалану кезінде, келесі әрекеттерді орындамас бұрын
пернетақта қондырмасына тіркеңіз (таңдаулы үлгілерде ғана).
1. Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп жазып, одан кейін HP Recovery
Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) пәрменін таңдаңыз.
2. Создать носитель для восстановления системы (Жүйені қалпына келтіру құралын жасау)
пәрменін таңдаңыз, сөйтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager көмегімен қалпына
келтіру (85-бет) бөлімінен қараңыз.
84
11-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру