User Guide - Windows 7

Бөлік Сипаттама
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына
қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и
поддержка (Анықтама және қолдау) > Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(құлақаспап) және аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сәйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(4)
USB 2.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысын
қосады.
ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (45-бет)
бөлімінен қараңыз.
(5)
Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті
оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады.
(6)
Оптикалық дискіні шығару түймешігі (тек
таңдаулы үлгілерде)
Оптикалық диск салғышты шығарады.
(7)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан
қорғай алмауы мүмкін.
Оң жағы
5