User Guide - Windows 7

Шамдар
Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат шамы
Қосулы: компьютер қосулы.
Жыпылықтау: компьютерде қуатты үнемдеу режимі
болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты
үнемдеу режимі.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid
Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі
қосылады. RST мүмкіндігі әрекетсіз тұрған компьютерді
бірден іске қосуға мүмкіндік береді. Қосымша ақпаратты
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану (34-бет) бөлімінен
қараңыз.
(2)
Дыбысты өшіру шамы
Сары: компьютер дыбысы өшірулі.
Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы.
(3)
Сымсыз байланыс шамы Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
және/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз
құрылғы қосулы.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз
құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы
сары түспен жанып тұрады.
Үстіңгі жағы
9