User Guide - Windows 7
3
Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не
сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-
тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен
байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы – Компьютерлерді корпоративті офистер, үй
және әуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты
қоғамдық орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын)
сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді сымсыз
құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
●
Bluetooth құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде)—Компьютерлер, телефондар, принтерлер,
құлақаспаптар, үндеткіштер және камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған
құрылғылармен байланысу үшін басқа жеке аймақтық желіні (PAN) жасайды. PAN
желісіндегі әр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей байланысады және бұл құрылғылар
бір-біріне біршама жақын, әдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут) қашықтықта болуы
тиіс
.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, «Анықтама және қолдау» бөліміндегі
ақпаратты және веб-торап сілтемелерін қараңыз. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін,
Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға
болады:
●
Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі
(осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады)
●
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру
Сымсыз құрылғыларды қосу және өшіру үшін сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің пернетақтасында сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс
қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі болуы мүмкін. «Сымсыз байланыс түймешігі»
термині осы нұсқаулықта сымсыз байланысты басқару элементтерінің барлық түрлерін
білдіреді.
Сымсыз желіге қосылу
15










