User Guide - Windows 7
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғы және бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз
құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз
байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы
қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары жанып тұрады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға,
сымсыз желілерді басқаруға және желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік
береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
▲
Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі және
Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі және ортақ пайдалануды
басқару орталығы
) тармақтарын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) >
Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз.
16
3-тарау Желіге қосылу










