User Guide - Windows 7
Әрекет пернелерін пайдалану
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. f1 мен f4 және f6 мен f12
пернелеріндегі әр белгіше сол пернеге тағайындалған функцияларды сипаттайды.
Әрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Әрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында
ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін, Setup Utility
(BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану (79-бет) бөлімін көріп, экранның
төменгі жағындағы нұсқауларды орындаңыз.
Әрекет пернесі мүмкіндігін ажыратқаннан кейін әр функцияны іске қосу үшін, тиісті әрекет
пернесімен бірге fn пернесін басыңыз.
Белгіше Перне Сипаттама
f1 Анықтама және қолдау орталығын ашады.
Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен компьютер
үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама және қолдау орталығын ашады.
f2 Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
f3 Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, f4 пернесі экран кескінін компьютер дисплейінен
монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. f4 пернесі компьютерден бейне ақпарат алатын басқа
құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
f6 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
f7 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша төмендетеді.
f8 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша жоғарылатады.
f9 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді
ойнатады.
f10 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды
жалғастырады.
Пернетақтаны пайдалану
25










