User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат өлшегіш пен қуат
параметрлерін пайдалану (36-бет) бөлімін қараңыз.
Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа
қосылады да, компьютер өшіріледі. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз:
Айнымалы ток адаптері
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Ешқандай қуат көзі болмаған кезде, батареядағы зарядтың деңгейі төмен болса, жұмысты
сақтаңыз да, компьютерді өшіріңіз.
Батареяны салу және шығарып алу
Батареяны салу
Батареяны салу үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны (1) батареяның орнына отырғанша енгізіңіз.
Батареяны босату ысырмасы (2) батареяны орнына автоматты түрде бекітеді. Батареяны
орнына құлыптау үшін батареяның құлпын сыртқы жағына қарай жылжытыңыз (3).
Батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны
шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтап, компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп
тастаңыз.
Қуат параметрлерін орнату
39