User Guide - Windows 7
7
Сыртқы карталар мен құрылғылар
Жад карталарын оқу құралын пайдалану
Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға және оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар әдетте сандық медиамен жабдықталған
камераларда, қалта компьютерлерінде және басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен
танысу (4-бет) бөлімін қараңыз.
Жад картасын енгізу
ЕСКЕРТУ: Жад картасы қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, жад картасын күштеп
енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны жад картасы оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Құрылғы анықталғанда дыбыс естіледі және параметрлер мәзірі көрінуі мүмкін.
44
7-тарау Сыртқы карталар мен құрылғылар










