User Guide - Windows 7
Intel Smart Response Technology (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® Smart Response технологиясы (SRT) — компьютер жүйесінің жұмысын елеулі түрде
жақсартатын Intel® Rapid Storage технологиясы (RST) кэштеу мүмкіндігі. SRT мүмкіндігі SSD
mSATA модулі бар компьютерлерді жүйе жады мен қатты диск жетегі арасындағы кэш жады
рәтінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл бір уақытта SSD жақсартылған жүйе жұмысының
тәжірибесін қамтамасыз ете отырып, ең үлкен сақтау сыйымдылығы үшін қатты диск жетегін
(немесе RAID көлемі) иемдену артықшылығын береді.
Қатты дискіні қоссаңыз не жаңартсаңыз және RAID көлемін орнатуды көздесеңіз, SRT
мүмкіндігін уақытша ажыратып, RAID көлемін орнатуыңыз керек, одан кейін SRT мүмкіндігін
қосыңыз. SRT мүмкіндігін уақытша ажырату үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Intel > Технология Intel Rapid
Store (Intel Rapid Store технологиясы) тармағын таңдаңыз.
2. Ускорение (Жылдамдату) сілтемесін таңдап, Отключить ускорение (Жылдамдату
режимін өшіру
) сілтемесін басыңыз.
3. Аяқтау үшін Жылдамдату режимін күтіңіз.
4. Сбросить до доступных параметров (Қолда бар параметрді орнату) сілтемесін таңдаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: RAID режимдерін ауыстыру кезінде SRT мүмкіндігін уақытша
ажыратуыңыз керек. Өзгертуді жасап, SRT мүмкіндігін қайта қосыңыз. Бұл мүмкіндікті уақытша
ажыратпау RAID көлемдерін жасау не өзгерту үшін кедергі келтіреді.
ЕСКЕРТПЕ: HP өзіндік шифрлау дискілері (SED) бар SRT мүмкіндігін қолдамайды.
Қатты дискілерді пайдалану
49










