User Guide - Windows 7
9
Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және
Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен
деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты әрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңізді жөндеуге жібермес бұрын, барлық құпия файлдардың көшірмесін
жасап алып, өшіріңіз және барлық құпия сөздерді алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы тарауда сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Computer Setup қызметіне рұқсатсыз кіру (f10) Computer Setup құралындағы әкімші құпия сөзі*
Қосымша сыртқы оптикалық дисктен (тек таңдаулы
үлгілерде), қосымша сыртқы қатты дисктен (тек таңдаулы
үлгілерде) немесе ішкі желілік адаптерден рұқсатсыз
бастау
Computer Setup қызметіндегі жүктеу параметрлерінің
мүмкіндігі*
Пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз
пайдалану
Windows пайдаланушы құпия сөзі
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану
●
Windows пайдаланушы құпия сөзі
●
Windows қорғаушысы
Computer Setup параметрлеріне және жүйенің басқа
идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup құралындағы әкімші құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік
кабелімен бірге пайдаланылады)
*Computer Setup дегеніміз алдын ала орнатылған, ROM жадына негізделген утилита,ол амалдық жүйе жұмыс істемей
тұрғанда немесе жүктелмегенде де қолданылады. Computer Setup утилитасында жылжу және таңдауды жасау үшін,
(сенсорлы тақта не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия
сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен
басқа жүйелердің
Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
●
Әкімші құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Ол жүйенің BIOS
бағдарламасы арқылы басқарылады.
●
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
58
9-тарау Қауіпсіздік










