User Guide - Windows 7
Әкімші құпия сөзін жою
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Security (Қауіпсіздік)> Administrator Password (Әкімші құпия сөзі) тармағын таңдау үшін
көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Тиісті нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзіңізді теріп, enter пернесін басыңыз.
5. Жаңа құпия сөз сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз.
6. Жаңа құпия сөз қайта сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз.
7. Нұсқауды оқып шығыңыз да, жалғастыру пәрменін таңдаңыз.
8. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, f10 пернесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Exit (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгертулерді сақтап
шығу) параметрін таңдап, enter пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Құпия сөздерді пайдалану
61










