User Guide - Windows 7

Computer Setup құралындағы әкімші құпия сөзін енгізу*
Administrator password (Әкімші құпия сөзін) енгізу сұралғанда, құпия сөзіңізді (құпия сөзді
орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы
) теріңіз, одан кейін enter пернесін
басыңыз. Әкімші құпия сөзін енгізудің 3 сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып,
әрекетті қайта орындау қажет.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану
Компьютерді электрондық пошта, желі немесе Интернет бетін ашу үшін пайдаланғанда оған
вирустар ену қаупі төнеді. Компьютерлік вирустар амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
қызметтік бағдарламаларды бұзады, не болмаса олардың нашар жұмыс істеуіне әкеліп
соқтырады
.
Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя алады, және көбінесе олардың
келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымда қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыру керек.
Компьютер вирустары туралы толық ақпарат алу үшін, «Справка и поддержка» (Анықтама және
қолдау) орталығының «Поиск» (Іздеу) жолағына вирустар сөзін теріңіз.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге және/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар DSL немесе кабельдік модемнің және үй
желісінің арасына орнатылып
, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сәйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір шарттар аясында желіаралық қалқан бағдарламасы Интернет
ойындарына кіруге мүмкіндік бермейді, желіде принтер немесе файл бөлісуіне араласады,
немесе тіркелген электрондық хат қосымшаларын ашпайды. Мәселені шешу үшін, желіаралық
қалқан бағдарламасын уақытша өшіріп, қажет шаралар қолданған соң, оны қайта қосыңыз.
Мәселені шешу үшін, желіаралық бағдарламасының параметрлерін уақытша өзгертіңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді
қауіпсіздік бұзудан және компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
62
9-тарау Қауіпсіздік